Мақпал Жүнісова: Жиіркенішті клип түсіретін қыздар көбейіп кетті
Белгілі әнші бейнебаянда сүйісіп, аймаласатын әнші қыздардың қылығын сынады
Бүгінде жас әншілердің көбісі бейнебаянда ашық киінуді былай қойып, ашық аймаласатын болған. тіпті актерлермен еркін сүйісуден жарыс өтіп жатқан сияқты. Киелі сахнада біраздан бері еңбек етіп кележатқан Мақпал Жүнісова жастардың осындай тұрпайы қылығына байланысты "Айта берсін" бағдарламасында өз ойын айтты. “Өте бір ыңғайсыз, қарауға ұят көріністер түсіріліп жатыр. Біздің менталитетке жат нәрселер, шешініп тастау, анайы түсірілімдер неліктен эфирден көрсетіліп жатқанын түсіне алмадым. Алла Тағала бойымызды сұлу қып жаратса, оны міндетті түрде ашып көрсету керек деген сөз емес. Ол тек қана қазаққа емес, басқа ұлттарға да солай айтар едім. Жалпы әдемілік, сұлулық – Алла Тағаланың берген сыйы. Оны тек өзің үшін пайдалан, өзіңнің күйеуің үшін… Сұлулықты да қадірлеп, қастерлеп, сақтай білу керек, оны да шаша беруге болмайды. Бізде бір емес, бірнеше әнші қыз бар. Аттарын айтсам, олар қатты ренжуі мүмкін. Бірақ өз ойымды жеткізгім келеді. Оларды қазақ болғаны үшін жақсы көремін, бірақ анадай бейнебаянды көргенде шынымен де жиіркенішті”, – дейді Мақпал Жүнісова.