Басты жаңалықтар

Павлодарда биік көпірден секіріп өлмек болған азамат тірі қалды

56 жастағы азаматты балықшылар құтқарып қалды

Павлодарда биіктіктен суға құлаған азаматты балықшылар құтқарып қалды. Ер адам өз-өзіне қол салуға әрекеттенген, деп жазды КТК арнасы. Оқиға шаһардан шыға берістегі көпірде болған. 30 метр биіктіктен суға секірген азаматты сол маңдағы балықшылар байқап, жедел әрекет жасапты. Олар Ертістің тастай суына құлаған ер адамды судан алып шығып, жылы киім кигізген. Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушыларға тапсырған. Сөйтсе, көпірден суға секірген кісінің есі ауысқан болып шықты. Еш жері зақымданбаған, қазір арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. "Біздің тәжірибемізде мұндай оқиға болмаған. Адам 25-30 метрден суға құлап, аман қалған. Ешқандай жарақат алмаған.",-дейді Павлодар облысы ТЖД құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерғанат Аққузинов.