Басты жаңалықтар

Осы апта Қазақстанда күн 25 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер алдағы үш тәуліктің ауа райына болжам жасап, халықты жағымды жаңалықпен қуантты

Суық атмосфералық фронттың ауысуына байланысты 20 граусқа дейін күн жылиды. Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде күн жаймашуақ болады. Батыс пен оңтүстік, оңтүстік-шығыста термометр көрсеткіші 15-20 градусты көрсетеді. Ал, кей жерлерде 23-25 градусқа дейін күн жылынады. Солтүстік пен шығыста, орталық аймақта ауа райы 5-15 градус жылылықты көрсетеді. Қазіргі мезгілде әдетте мұндай жылыну болмауы керек. Ауа райы қалыпты мөлшерден  3…8°С-қа жоғары болады.