Суық атмосфералық фронттың ауысуына байланысты 20 граусқа дейін күн жылиды.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде күн жаймашуақ болады.
Батыс пен оңтүстік, оңтүстік-шығыста термометр көрсеткіші 15-20 градусты көрсетеді. Ал, кей жерлерде 23-25 градусқа дейін күн жылынады.
Солтүстік пен шығыста, орталық аймақта ауа райы 5-15 градус жылылықты көрсетеді.
Қазіргі мезгілде әдетте мұндай жылыну болмауы керек. Ауа райы қалыпты мөлшерден 3…8°С-қа жоғары болады.