Әкелерін сағынған Абай Бегейдің қыздары көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Әншінің қыздары: Әке үйге ертерек келіңізші
Соңғы кездері үлкен танымалдыққа ие болған Абай Бегей өзін сағынып отырған қыздарының видеосын жүктеп, көпшілікке сүйкімді қыздарын көрсетті. Онда мектеп жасындағы қыздар ән сапарға кеткен әкелерін күтіп отырғандары жайлы айтқан. "Әке ертерек келіңізші, сізді сағынып кеттік",-дейді әншінің қыздары. Абай Бегейдің өзі болса " Жандарым-ау бұйыртса келемін" деп жазған. Видеоны тамашалаған жұрт қыздардың сүйкімділігі мен әкелеріне деген сағынышын сөз етті.