Басты жаңалықтар

Тату мастері ақысын төлемей қойған клиенттің шекесіне "Алаяқ" деп жазып берді

Маңдайындағы жаңа жазуға көңілі толған жігіт, қуанышты сәтін суретке түсіруге де қарсы болмапты.

Уфада қол ақысын төлемеген клиенттің шекесіне тату мастері "алаяқ" деп жазып берген. Бұл туралы салонның желідегі парақшасында жазылған. Маманның айтуынша ақшасы жоқ клиент маңдайындағы жазуға еш қарсылық көрсетпеген. Ол тіпті шекесіндегі жаңа жазуға өзінің көңілі толатынын айтқан. Оны жігіттің мына суретінен де аңғаруға болады. Қажет дүниені денесіне сыздырып алған Уфа тұрғыны салондағы тату шеберіне ешқашан ешкімге ақша төлемейтінін айтқан. Қаладағы тату мамандары ақысын төлемейтін жігітке әбден алданып, келсе қабылдамайтын дәрежеге жеткен екен.