Басты жаңалықтар

Ерке Есмаханның киносының жабық көрсетіліміне Бауыржан Байбек те келді (фото)

Әнші:Тырнақалды туындым көпшілікке ұнайды деген ойдамын.

Әнші бұл туралы өзінің жеке парақшасына жазып, халықты өзінің жаңа туындысын көруге шақырды. "Кешегі күн де өте шықты. Кино әлеміндегі тырнақалды туындымыз "Маxаббат" кафесінің" жабық көрсетілімін өткіздік. Бұл сәтке куә болуға келген ет-жақындарыма, әріптестеріме, достарыма, аға-әпкелеріме және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаға ерекше ықыласпен алғысымды білдіремін! Баршаңызды 25 қазаннан бастап кинотеатрларда көрсетілетін "Маxаббат" кафесі фильміне шақырамын!",-дейді әнші ендігі актриса Ерке Есмахан.