Басты жаңалықтар

Ақтөбе автобусында ұрысқан әйелдерді ажыратпақ болған ер адамның өзі қайтыс болып кетті

Марқұм жолаушы бірнеше күн бұрын ғана ауруханадан жүрегінің дертінен емделіп шыққан екен.

Оқиған 15  қазан күні  қоғамдық көлікте болған. Ер адам әйелдерге басу айтып, көліктен түсіп қалып мәселені сонда шешуге кеңес берген деп жазды Диапазон басылымы. Қоғамдық көлік тоқтаған кезде  жолаушылар ер адамның жүзі қуарып, өзін нашар сезінгенін байқайды. Жедел жәрдем қызметін шақырып, алғашқы көмек көрсетпек болады. Жедел жәрдем қызметкерлері  ер адамды  аман алып қала алмады. Автобуста 15 шақты жолаушы болған. Көлік ішінде ауа жоқ, әрі жолаушылар көлікке  сыймай тұрған. Кейінірек марқұм болған 60 жастағы ер адамның жақында ауруханадан шыққаны, инфаркт алып есепте тұрғаны анықталды.