Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда балабақша тәрбиешілері балаларға түрмедегідей тәртіп орнатқан

Ұл-қыздарының таяқ жегенін айтқан аналарды мекеме басшысы қорқытып, алғашында мазақ етіпті.

23.10.2018
0
Алматыда балабақша тәрбиешілері балаларға түрмедегідей тәртіп орнатқан

Алматыдағы №140 балабақшада қос бірдей тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ата-аналардың айтуынша, балаларды аялы алақанымен емес, білектің күшімен тәрбиелеген олар небір сорақылыққа жол берген, деп жазды КТК арнасы.

Бірақ, мұның барлығын ата-аналар бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы әрең дәлелдепті. Ал, полицейлер арызымызды кері қайтарып, істі жылы жауып қойды дейді ашынған топ.

Алматыдағы №140 балабақшадағы бұл көріністер бейнебақылау камерасына жазылған. Буыны қатпаған бүлдіршіндерді білектің күшімен тезге салған тәрбиешінің әрекеті тайға таңба басқандай байқалады.

Біреудің әлпештеген ұл-қызын әрі-бері өткенде сызғышпен бетінен ұрып, дәптерлерді төбеден түскендей оңды-солды таратып жүр. Тіпті, ашуға мінгенде аяқ киім лақтырып, қалауынша нұқып қояды. Бірақ, болған жайтты балаларының ауызынан естігенде ата-аналар алғашында сенбегенін айтады.

«Балалар қорқып қалған. Себебі, күнделікті психологиялық қысым көрсеткен. Қорқытып-үркіткен, қолына түскен затпен ұрған. Тіпті, балабақшада түрмедегідей тәртіп орнатып, балалардың арасынан бақылаушы сайлаған. Яғни, оларға қатарластарын жазалап, тәрбиешіге көмектесуге үйреткен»,-дейді Алматы қаласының тұрғыны Анар Нұрсұлтанова.

Алайда, басында түлкі бұлаңға салған меңгеруші соңында жазба өшірілген дискіні қолымызға әрең ұстатты дейді ашулы топ. Бірақ, арнайы маманның арқасында бейнені қалпына келтірген ата-аналар, балабақшадағы сұмдық оқиғаға куә болдық де

«Бірнеше күнге дейін өз-өзімізге келе алмадық. Меңгеруші болса барлық жерде танысым бар, сендер ештеңе істей алмайсыңдар деп доқ көрсетті. Аудандық ішкі істер бөліміне барғанымызда бейне жазба өшірілген деді. Бағымызға орай барлығын дәлелдедік»,-дейді тұрғын Мәдина Өксікбаева

Дегенмен, қараулық жасамадым деп ақталған меңгеруші балабақшадағы шуға қатысты қатаң шара қолданып, екі бірдей тәрбиеші жұмыстан қуылғанын айтады.

Бөлісу15Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6248 бөлісу
    Бөлісу 2499 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3136 бөлісу
    Бөлісу 1254 Твит 784
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3328 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    885 бөлісу
    Бөлісу 354 Твит 221
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    831 бөлісу
    Бөлісу 332 Твит 208
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.