Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарын үйінде атып кетті
Әйелге қазір медициналық көмек көрсетіліп, күдіктілер іздестіріліп жатыр.
Төле би ауданында басшылық қызмет атқаратын шенеунікті үйінің маңында белгісіз біреулер жарақаттаған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың хабарлауынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Соталды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр", — дейді Салтанат Қаракөзова. Жарақат алған әйелге медициналық көмек көрсетілген. Күдіктілер іздестірілуде.