Талғат Жорабаевтың келіншегі қыз күнінде не үшін жабық киіне алмағанын айтты
Аяулым: Уақыт өте жабық киімді жарастырып киюді үйрендім.
Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева да бүгінде желіде танылып кележатқан блогер. Ол күйеуінің әпкесі кірген компанияны жарнамалап, қыздарға ақша табудың жолын көрсетемін деп жүргендердің бірі. Аяулым қыз күнінде не себепті оранбаған себебін, бүгінде жабық әрі жарасымды киінудің құпиясын ашты. "Орамалды енді тағып бастаған мен. Фантазия ұрып тұр енді. Толық оранғаныма 3,5 жыл болыпты Аллага шүкір. Тұрмысқа шықпай тұрып, жұмыс орным орнуға рұқсат етпеген еді. Жұмысты тастап кете алмадым. Өйткені Анама көмектесіп жүрген едім.. Алладан қатты дұға етіп, осы жанға тұрмысқа шықтым. Орамалыма кедергі болмады. Уақыт өте жарастырып киюді де үйрендік. Үстіңізге қымбат киім емес, жарасып тұратын киім кигенге не жетсін... сізде осылай қызық -қызық киініп бастадыныздар ма?",-деп жазды Аяулым Жорабаева.