Денис Тенді өлтіргендерді қолдаған мұғалімге сот үкім шығарды
Соттан ұстаз науқас анасына қарауы керектігін айтып, жеңіл жаза шығаруды сұраған еді.
Сот оны 4 жылға бас бостандығын шектеді, деп жазады Sputnik. «20 шілдеде «Инстаграм» желісінде Теннің өліміне қатысты көптеген жазбаны байқадым. Ол кезде мен оның (ред. Денис Тен) кім екенін білмедім. Сол сөзді жазып Stories қызметінде жарияладым. Бұл жерде мен Денис Теннің жеке басын айтпадым. Ұлтаралық алауыздық тудыру туралы ойым да болған жоқ. келесі күні мен «Инстаграмдағы» тікелей эфирде бүкіл Қазақстаннан кешірім сұрадым. Оны «стористе» де жарияладым. Кінәлі екенімді білемін. Қатты өкінемін. Қазіргі уақытта науқас анамның жалғыз асыраушысымын», – деген Шерхан Байзенов көз жасына ерік берді. Прокурор айыпталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот оны 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы щешім шығарды. Ол жұмысы мен оудан басқа уақытта өз мекен-жайынан басқа ешқайда бара алмайды. Жұмысын, тұрғылықты мекен-жайы мен оқуын рұқсатсыз өзгерте алмайды. Ай сайын бөлімшеге келіп өзі жайлы ақпарат беріп отырады.