Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды
Мектептегі ең қатал мұғалім мұндайды күтпесе керек өзі абдырап қалды.
Өзбекстандық мұғалімге айыппұл салынса да оқушыларды қинауын тоқтатпаған
Бұл оқиға Қарақалпақстаның Төрткүл ауданындағы №5 мектеп интернатта болған. Азаттық радиосының Өзбек қызметінің тілшісімен сөйлескен мектеп-интернаттың бір оқушысы тарих пәнінің мұғалімі мұндай жазаны барлық оқушыға қолданатынын айтты. "Болмашы нәрсеге бола оқушылардың маңдайына "жынды" деген секілді сөздер жазады. Сабақта сыныптасым партаны сырып алған. Сол үшін мұғалім ол баланы ұрып, оның маңдайына жазып жатқанда оның бетін тырнап жіберген", — деді тоғызыншы сынып оқушысы. Оқушының ата-анасы құқыққорғау органдарына арызданған. "Сот тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметовке айыппұл салды, бірақ ол біздің мектепте әлі жұмыс істейді. Ол оқушыларды қинауын тоқтатқан жоқ", – деді мектеп тәрбиешісі. Аудандық әкімшілік сот шешімімен, Нурметовке 344 480 сум (40 доллар) айыппұл салынған.