Басты жаңалықтар

Шымкентте аудан әкімін атқан оқиғаның жай - жапсары анықталды

Рабиға Бекбаеваның күйеуі мен көршілері шабуылдаудың қалайболғанын баяндап берді

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға оқ атып, шабуылдау жасалған кезде қасында күйеуі мен жүргізушісі болған, деп жазды КТК арнасы. Жолы болғанда әйелдің басын көздеген оқ, маңдайын жанап өткен. Оқ шенеунік үйіне жетіп, есігін ашып жатқан кезде атылған. «Шабуылдаған үш адам болды дейді. Бетперде кимеген. Жастары 22-23 шамасында», – дейді күйеуі Еркін Бейсебаев. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, олар жолдың шетінде тұрған бөгде көлікті бірнеше күннен бері байқап жүрген. Соңғы бірнеше күн бойы бейтаныс жігіттер сол көшені торуылдап жүрген көрінеді. Зардап шеккен шенеунік әріптестерінің сөзінше, сол күні таңертең Бейсебаева әдеттегідей жұмыс орнында болған. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 35 жыл болған Рабиға Бекбаева соңғы жылдары аудандағы білім, мәдениет және идеологияны бақылапты. Оның туыстары да, әріптестері де тапа тал түсте мұндай әрекетке кімнің, не үшін барғанын түсінбей дал. «Мен есік алдында жұмыс істеп жүргенмін. Рабиғаның жүргізушісі жүгіріп келді. Ұлым оған есік ашты. Жүргізуші жедел жәрдем шақыртуымды сұрады. Оған дейін біз 3 рет атылған оқтың даусын естідік. Алайда отшашу деп ойладық», – дейді көршісі Қарашаш Оспанова. Дәрігерлердің сөзінше, пациенттің жолы болған. Оқ салдарынан оның басында аздаған жарақат пайда болған және қатты қорқып қалған екен. Оған ота жасаудың қажеті болмапты. «Ол қақпаны ашып жатқан кезде әлдекім амандасқан. Оның түрі есінде жоқ. Артынша қатты дыбысты естіпті. Ол оқтың өзін жанап өткенін бірден байқамаған. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін шекесіне алғашқы хирургиялық өңдеу жасалды. Жағдайы қанағаттанарлық. 2-3 күн дәрігерлердің бақылауында болып, содан кейін үйіне жіберіледі», – дейді Леңгір қалалық ауруханасының бас дәрігері Жандар Нышанов. Полициядағылардың мәліметінше, Бесебаеваға үш адам қастандық жасаған. Олардың бәрі тұтқындалыпты. Қазіргі уақытта «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.