Көкшетаудағы ең сұлу қыз анықталды
23 жастағы бойжеткен барлық қатысушылардың ішінен суырылып шықты
«Көкшетау аруы -2018» байқауында 23 жастағы бойжеткен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқауда арулар шығармашылық қабілеті мен білімділігінен сынға түсіп, образдары талқыға түсті. 8 ару бағын сынады. XVIII өңірлік байқау Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. 23 жастағы бойжеткен Екатерина Ефименко жеңімпаз атанды. Ол Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранты, «Премьера» шоу-балетінің қатысушысы жəне «Арлан» хоккей клубы қолдау тобының жетекшісі. Дана Бектенова бірінші вице-мисс атағына ие болды.