Ернар Айдар кино түсіретінін айтып елден ұрыс естіді
Әнші: Ақыл беріңіздерші, не туралы түсірейін?
Танымал әнші Ернар Айдар елден қалмай кино түсіргісі келіп жүргенін ашық айтты. бірақ ол қаірге киноның жанры мен бағытын таңдамаған сияқты. Себебі, әнші өз оқырмандарынан кеңес сұрады. Әңгімені өлеңдете бастаған әнші өз ойын былай жеткізді: "Өмір кино, Таңғажайып әр күнің, Бұл кинода, Бар қуаныш, бар мұңың Орындайсың, Бұлжытпастан,барлығын Тәңір дейтін, Режиссёрдың жарлығын, Ал сценарий, Маңдайдағы тағдырың. Өмір кино, Өзің актёр жандайсың, Шынайы ойна, Неге өзіңді алдайсың? Көтересің, Кездесседе қандай сын, Әр сәтіңді, Бір ғана рет ойнайсың, Әттең кері, Айналдыра алмайсың! Ия өмірде қайталап ойнай алмайсың, ал кинода қанша қайталап ойнағың келеді өз қалауың. Жалпы өмірден алынған киноларды жақсы көрем. Қазақ киносы дамып жатырғой, ең бастысы қазақ тіліндегі Менде соған үлесімді қосқым келеді. Егер түсірсем, қандай кино күтесіздер менен?",-деді әнші. Көпшілік Ернарға жұрттан қалмай тыраштанудың түк пайдасы жоғын айтты. "Қайрат, Төреш, Еркеден қалмай барлықтарыңыз кино түсіріңіздер. Елдің барлығы әнші болып еді. Енді актер атанып, режиссер, продюсер болып жатырсыздар. Ұялмаған әртіс болады. Ұяттарыңыз жібергенше өнерді бұлғаңыздар" деген сынды сыни пікірлер көптеп түсті. Ал әншінің талабын қолдағандар да болды. Олар Ернарға тек сәттілік тілейтіндерін айтып жатты.