Басты жаңалықтар

Бейбіт Қорғанның анасын жоқтаған әні көпшілікті жылатты (видео)

Әнші анасының билеп жүрген видеосын қарап отырып, өткен күнге деген сағынышын жазды.

Әнші Бейбіт Қорған бала кезінен көп қиындықты көріп, анасы екеуі отбасын асырау үшін ауыр жұмыстың бірнеше түрін істегендерін айтаты. Тіпті болашақ әнші мектеп жасында  Алматыға келіп балмұздақ сатып, көлік жуған. Енді аяққа тұрып, өнерімен халыққа таныла түскен шақта еңбектің талай бейнетін көрген анасы науқастанып, қайтыс болып кетеді. Әншінің көкейінде қазіргі жақсы өмірі мен отбасылы болған сәттерді анасы көрмей кетті деген үлкен өкініші бар. “Анашым, сезесің бе шаршадым, Қара түнде жамылып ап көрпені, Еске алумен, жылауменен Сені аңсадым! Анашым, сезесің бе шаршадым, Мейірімі керек емес маған басқаның. Сенің ғана сөздеріңе зәрумін, Сені ғана сағынып, мен аңсадым!” Туған күніңіз құтты болсын анашым!",-деп жазған Бейбіт Қорған. Көпшілік әншіге көңіл айтып, мына сөздерден кейін көңілдері босап, көздеріне жас алғандарын да жасырмай жазған.