Басты жаңалықтар

Енді Төреғалидің әкесі ұлынан сұхбат алған журналистпен дауласты

Продюсер мырза қанша камера қосылып тұрса да, өткен жағдай сабақ болмаса керек, тілшілерге дауыс көтерді

Жуырда көрерменге жол тартқан "Ұлы дала баласы" комедиясының жабық көрсетілімі алдындағы баспасөз конференциясында Төреғалидің әкесі журналиспен сөзге келіп қалды.  Бұл жолы Төреәлі мырза  журналистің сауалына жауап бергісі келмеген ұлын қорғамақ болды. Төреғали Төреәлінің командасын әуре-сарсаңға салған оқиға әнші түскен киноның жабық көрсетілімі кезінде болды. БАҚ өкілдерінің кез келген сауалына тас-түйін дайын екенін жеткізген әнші журналистердің қарсы алдына сенімді жайғасқан еді. Бірақ хитменге қойылған сұрақтардың кейбірі әкесіне жақпай қалды. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. "Неге Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың оны? Неге қадалған жерден қан алайын деп тұрсың?!" — деп ашуланды Төреәлі Төлепов.