Айқын Төлепберген: Ішімдік ішем, "шөп" шектім бірақ ұнамады
Айқын жас әншілер арасында кеңінен тараған көпшілік айтабермейтін жаман әдеттері туралы ашық айтты.
Танымал әнші Айқын Төлепберген екінші мәрте үйленгеннен кейін одан сұхбат алғысы келетін журналистер де көбейді. Өйткені халық Айқынның отбасылық жаңалықтары шыға қалса дереу пікір жазып, өз ойларын білдіріп араласа кететіні рас. Бұл жолы Айқын журналист Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді. «Бір әнші сұхбатында «иә, ішемін, бірақ маскүнем емеспін» деген еді. Сол сияқты менде де арасында болып тұрады, бірақ жақсы жерім темекі шекпеймін», – деді Айқын. «Шөп» деп сұраған Ләйлә Сұлтанқызына оны дашегіп көргенін айтып, өз құпиясымен бөлісті. «Баяғыда бір рет болды. Енді өнер саласында жүргеннен кейін бәрі болып тұрады. Бірақ маған аса ұнамады. Біреулер шөп шеккен соң күлсе, мен күйзеліске түсіп кеттім», – дейді әнші. Әнші бұдан бөлек спорттық жарыстарға ақша тігіп, құмарар ойындарын да көргенін жасырып қалмады.