Басты жаңалықтар

Қайрат Нұртас: "Праймдағы оқиғаның" пайдасы көп болды. Таныла түстім.

Әнші осы оқиғадан кейін брнеше жыл концерттерден шететіліп, тек тоймен күн көрген

Танымал әнші Қайрат Нұртас "Если честно" бағдарламасында "Праймдағы оқиғадан" кейін бүкіл Қазақстанға таныла түскенін, қорқынышты оқиғаның пайдалы тұстары да болғанын айтты. "Сол кез есімде, сахнада жүргізуші қыз жиналған халықты арандатып жіберген сияқты. Содан бір жігіт кішкентай сахнаны бір тепті, әрі қарай бәрі жабыла кетті. Сол оқиғадан кейін анам қатты қиналды. Концерттерге қатыстырмайды. Анам үйде жататын. Аудан облыстарға концерттік сапарға шығып кеттік. Бір жақсысы барған жерде собрлар қарумен қорғап жүреді. Ешкім суретке түсеміз деп мазаламайды. Өрт сөндіруші көлік. Жедел жәрдем бәрі дайын тұратын.",-деп есіне алды Қайрат Нұртас. Әнші ресми жиындардан шеттетілген кезде өзіне қолдау көрсетіп, үлкен сахнаға оралуына көмек қолын созған ағаларына алғысын айтты.