Басты жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Астанадан үлкен 5 қабатты "KN city" сауда үйін аштым

Әнші: Ішінде бәрі болады, үш күн бұрын шатырын жауып, бәріміз қуанып жатырмыз.

Әнші Қаайрат Нұртас әншіліктен шаршап, кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап отырғаны жайлы "Если честно" бағдарламасында айтты. "Мен көптеген адамдардың қуанышына қатысып, кейде отбасымдағы балаларымның кішкентай мерекелерінен қалып кететініме ішім ашиды. Кейде олардың "ертең қайда боласыз?" деген сұрақтарына жауап бере алмай қысыламын. Қашанғы осылай әнші болып жүретінімді білмеймін. Бұйыртса табыс көзі ретінде үлкен "KN city" сауда үйін Астанадан салып жатырмын. Ол үлкен жабық базар болады. Ішінде көлік бөлшектері, киім, монша, қонақ үй барлығы болады деп жоспарлап жатырмыз. Әкем екеуіміздің соны салып жатқанымызға төрт жылға жуық уақыт болды. 3-4 күн бұрын ғана шатырын жауып бәріміз қуанып жатырмыз. Оған барлық тапқан ақшамды салдым. Бәрі халықтың арқасы. Барлықтарыңызға да осындай байлық, жақсы кәсіп жұғысты болсын",- деді әнші.