Алматы облысында жол апатынан 21 адам зардап шекті
Зардап шеккендердің барлығы Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілді
“21 адам дәрігерге қаралды. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 адам ауруханаға жатқызылды. Өзгелері бақылауда”, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Мәліметтерге сүйенсек, микроавтобус пен автобус қақтығысқан. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. “Қазір тергеу жүріп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауында”, – деді аталған ведомства басшысы Көбейхан Нұрахметов.