ШҚО тұрғыны үш баласымен жоғалып кетті
Төрт адамды жергілікті полиция мен туыстарының іздеп жүргеніне төрт күн болды
Зырян тұрғыны Ирина Судакова сенбі күні балаларымен үйінен шығып кетіп, содан бері ешбір туысына байланысқа шықпаған, де хабарлайды YK-news.kz. Әйел туған екі қызы мен азаматтық некедегі күйеуінің бір қызын ертіп кеткен. Анасының айтуынша, қызы күйеуінің балаларды әкеліп тастауын сұрағанын айтып, үйінен шығып кеткен. 8-11 жас аралығындағы қыздардың қайда екендігі жөнінде ақпарат жоқ. Көріп-білгендер болса, 8-747-491-50-31 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.