Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министр жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысы қалай өсетінін түсіндірді

Енді балабақша тәрбиешілері де жұмысқа тұру үшін ұлттық бірыңғай тест тапсыруы мүмкін

31.10.2018
0
Министр жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысы қалай өсетінін түсіндірді

Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өскенімен, «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындап отырған балабақша тәрбиешілерінің жалақысы сол күйінде қалуы мүмкін.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Мұрат Бахтиярұлы мұның үлкен проблема екенін айтып, тәрбиешілер жалақысының өзгеріссіз қалатынына алаңдап отырғанын жеткізді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өз кезегінде осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Мұрат Бахтиярұлы «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысына алаңдап отырғанын жеткізді. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтерілсе, тек бюджеттік қызметшілердің жалақысы өсуі мүмкін. Осы орайда, маман ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен бұл мәселенің қалай реттеліп жатқанын сұрады.

«Бұл — үлкен проблема. Осыған қатысты мемлекет қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?» — деді ол.

Министр өз кезегінде бұл мәселенің дәл қазір өзекті болып тұрғанын және оған қатысты көптеген жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Мемлекеттік тапсырысты орындап отырған балабақша тәрбиешілерінің де жалақысы көтеріледі. Тек бұл процесс балабақшаға ата-аналар төлейтін ақшаны көбейту арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, бұған жергілікті бюджетті игеретін әкімшілік атсалысады.

«Балапан» бағдарламасына қатысты осындай мәселе туындап отырғанын түсініп отырмыз. Қазір тәрбиешілердің жалақысын көтеретін болсақ, «Балапан» бағдарламасының бағасын қымбаттатуымызға тура келеді. Мұны жасадық. Қазіргі норма бойынша 19 мың теңге емес, 27 теңге болып отыр.

Жалпы әр облыста әртүрлі. Менде бар ақпарат бойынша, 4-5 облыс мұны толық орындап отыр», — деді Ерлан Сағадиев президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде балалардың ерте дамуына арналған бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері бойынша өткізілген отырыс кезінде.

Мұнымен қатар, министр балабақша тәрбиешілерінің жалақысы ұстаздар секілді біліктілігін арттырып, ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы анықталатынын айтып өтті. Биыл 1-11-сыныптарға сабақ беретін 60 мың ұстаз ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Сондай-ақ, желтоқсан айында өтетін тестке 60 мың мұғалім жазылған.

«Бұл тестілеу механизмге айналды. Педагог өз ісін білетінін көрсетсе, жалақысын көтеруге дайынбыз. Меніңше, 5 жыл көлемінде мектеп ұстаздарының 100%-і ұлттық тестілеуден өтеді деп ойлаймын.

Екіншіден, осы жүйе тәрбиешілерге де енгізілмек. Яғни «Біз курс ақшасын төлейміз, ал сен оны өтуің керек». Бұдан кейін жаңа «сүзгіден» өтіп, біліктілігіне байланысты жалақысы 50%-ке дейін көбейеді. Осыны психологтарға да енгізіп жатырмыз. Бұл — халықаралық практика», — деді Ерлан Сағадиев.

Әрі қарай министр бұл мәселенің қазір де талқыланып жатқанын айтып өтті. Яғни бұл жүйенің балабақша тәрбиешілеріне қашаннан бастап енгізілетіні белгісіз.

Бұдан өзге Сағадиев жыл сайын әртүрлі білім ордасында мектепке дейінгі білім беру саласында оқығандардың тек 900-і балабақшаға келіп жұмыс істейтініне алаңдайтынын жеткізді. Министрдің айтуынша, 10% — тым аз көрсеткіш.

Дәл қазір Қазақстандағы балабақшаларда 55 мың тәрбиеші жұмыс істейді. Оның 45%-і ғана мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша оқыған. Ал республикада мұндай мамандарды даярлайтын 36 колледж бен 36 жоғарғы оқу орны бар.

Мұнымен қатар, жыл сайын аталған мамандыққа бөлінетін грант саны көбейіп келеді. 2017 жылы ЖОО-ларға — 270, ал 2018 жылы 500 грант бөлінді. Ал 2017 жылы колледждерге — 5 560 грант, 2018 жылы 7 200 грант берілді.

 

Бөлісу8Твит5
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3797 бөлісу
    Бөлісу 1519 Твит 949
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1106 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 277
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1080 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.