Ақтөбеде жанып кеткен 52 өзбек азаматының туыстары әр күдіктіден 150 миллион теңге талап етті
Прокурорлар соттан автобус жүргізушісін 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Оның өзінде олар сотталушы жазасын түрмеде емес, қылмыстық колонияда өтегенін қалайды, деп жазады KYN.KZ ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп. Сондай-ақ, прокурорлар бұрынғыша үй қамағында отырған автопарктің механигі мен директорын да сол жерге жіберуді сұрайды. Бірақ, олардың 5 жылға емес, 7 жылға сотталуын талап етуде. Ал бүкіл жұртты дүр сінкіндірген қайғылы оқиға қатысы бар тұлғалар әлі де өз кінәларын мойындамады. Алайда, сол күнгі қайғылы жағдайда көз жұмған марқұмдардың жақындары жауапты тұлғалардан өтемақы төлеуді талап етуді. Барлық 52 өзбек отбасы әр күдіктіден 150 миллион теңге талап етті. Ақтөбедегі сот талқылауына жәбірленуші тараптардың ешқайсысы келмеді. Олар сот отырысына онлайн режимде қатысты. Алда – айыпталушыларға соңғы сөз беріледі, содан кейін сот үкім шығарады.