Басты жаңалықтар

Илья Ильин киноға түсіп жатыр

Спортшы: Актер болып ойнаған өте қызық болды.

Спортшы бұл жайында желідегі парақшасында жазды. “Бүгін “Всемогущий” фильмінің түсірілімінде болдым. Актер болып ойнаған өте қызық болды”, – деп жазды спортшы. “Всемогущий” – фантастикалық комедия. Ағайынды жындардың қазіргі заманауи өмірі туралы. Үш ағайынды жынның бірі әлемдегі алғашқы жын-блогер болғысы келетінін айтады. Танымалдық үшін жазылушыларының айтқанын орындайды. Оның рөлін Ерден Телемесов сомдайды. Қазір сериалдың бірінші маусымы жүріп жатыр. Сериалға Ильямен бірге  танымал актриса Айсұлу Әзімбаевада түсіп жатыр.