Шымкентте 16 жастағы жас келін күйеуімен ұрысп қалғаннан кейін жоғалып кетті
Арайлымның тұрмысқа шыққанына енді ғана екі ай болған екен.
Әпкесі Әсел Тұрмағамбетованың айтуынша, жоғалып кеткен Арайлым Ғаниқызы тұрмысқа шыққан соң колледждегі оқуын да тастап кеткен. Арайлым 25-нен 26 қазанға қараған түні үйінен шығып кетті. Ол күйеуімен жанжалдасып қалған соң, сырт қиімін киіп кетіп қалған. Өзімен құжаттарын алмапты, деп жазады «NewTimes.kz». Көршілері де Арайлымды көрмегенін айтты. Арайлымның өзі де ешкіммен сөйлеспейтін тұйық мінезді қыз. Психолог оның бала күнінде уайым көргендігінен тұйық болып өскенін айтқан. Арайлым отбасында асыранды қыз. “Ол бала күнінен бізбен бірге тұрған жоқ. Өгей әкемнің інісі жол апатынын қаза болды. Артында қызы Арайлым мен әпкесі қалды. Арайлымды біз, әпкесін анасының туыстары асырап алды”, – дейді әпкесі.