Басты жаңалықтар

Оралда акробат қойылым кезде биіктен құлап кетті

Дәрігерлер екі метрден асатын биіктен құлаған қыздың қолы сынған деп отыр.

Оралға гострольдік сапармен келген цирк ұжымы күтпеген жерден ыңғайсыз жағдайға тап болды. Екі метрден асатын биікте өнер көрсетіп жатқан акробат қалың көрерменнің көзінше жерге құлап түсті. Дәрігерлер 21 жастағы цирк актрисасының өміріне аса ауыр қауіп төнбегенін айтты. Оның қолы жабық жарақат алған. Акробат қазір ауруханада. Толық жазылғаннан кейін жұмысына оралмақшы.