Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бейнебаянға түсіп жатыр

Әкімдердің ғаламтордағы жарысына енді басқаланың су жаңа әкімі қосылмақшы.

01.11.2018
0
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бейнебаянға түсіп жатыр

Астанаға жаңадан тағайындалған әкім клипке түсуі мүмкін екен. Бақыт Сұлтановқа мұндай ұсынысты жасаған кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оқу орнын емес, бүтін бір өңірді басқарып отырған әкімдер шаңдата билемесе де, өзіндік челенджге қатысып жүр. Ең бірінші болып Шымкент пен Астанананың бұрынғы әкімі көрінді. Ғабидолла Әбдірахымов Шымшаһарды Зың, Әсет Исекешев Елорданы «Самая вышка» деп атағаны есте.

Үшінші мегаполис Алматының әкіміне берілген кезек әлі жалғаспапты. Бауыржан Байбектен жауап алмақ болған Ерғазы Әзімханұлы ақыры әкімдік табалдырығынан аттай алмай, қайтып кетуге мәжбүр болды.

Есесіне, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Тараз қаласының басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтан жауап алудың сәті түсіпті.

– Ақтөбе облысын жануарға теңесеңіз, қандай жануарға теңейтін едіңіз?
– Барысқа. Ақтөбе барысқа ұқсайды. Тұрған жері, жан-жағы, халқы.

– Ғалымжан аға, Тараз қаласы қандай өлеңнің сөздерімен сипаттайсыз?
– Өлеңді не қыламыз, киномен көрсете берейік те.
– Қандай кино?
– «Джентельмены удачи» «Там тепло, там моя мама».
– Ал өлеңмен сипаттасақ ше сонда да.
– От от жанарың!.

Әкімдерді өзгеше сұрақтармен мазалап жүрген Ерғазы Әзімханұлымен тілдестік. Мінберде отырғандар да қарапайым адамдар екеніне көз жеткізгім келді дейді өзі. Көбінесе қойылған мақсат өзін ақтап жатқан көрінеді. Келесі жауап Қырымбек Көшербаевтан сұралатын секілді. Ал Астанаға жақында тағайындалған Бақыт Сұлтанов клипке түсуі мүмкін екен.

“Жоспарда қазір кішкене Сіздерге айтып қояйын. Бір өлең бар. Хит өлең мықты. Сол өлеңнің сөздерін шамалап өзгертіп, әкімнің жаңа қазіргі жұмысы қалай болып жатқаны туралы инстаграмда креативті клипімізбен жеткізгіміз келіп тұр. Ол клипте біздің жаңа әкім Бақыт Сұлтанов түсетін болады» – дейді блогер Ерғазы Әзімханұлы.

Билік басындағылардан тағы бір челлендж. Жақында Ақпарат және коммуникациялар министрі өз парақшасында бір видео жариялады. “Тұлпар мініп, ту алған” атты ұлттық жоба аясында Дәурен Абаев «Алпамыс батыр жырынан» үзінді оқып шықты.

«Далада мен отырмын құрып өрмек. Жалғызымды қасымда қылып ермек. Баламды менің жалғыз өлтіргенше, Алсайшы Гүлбаршынды қу жүгірмек» – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министр жыр кезегін депутат Геннадий Шиповскихке берді. Халық қалаулысы өзін көп күттірмеді. Дастан оқудан кенде емес екенін көрсетіп қалды.

“Талай бала қырғансың. Шекті деген еліңде. Сарыбай деген бай еді. Жалғасқызы Гүлбаршын 15-те туған ай еді. Жасыңнан саған айттырған Гүлбаршын сұлу жар еді. Ал енді осы эстафетаның жалғасын еліміздің батыры, әріптесім Бақытбек Смағұл ағамызға жолдаймын» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Министр, депутаттар осылайша елдің әдебиетке деген қызығушылығын оятқысы келген секілді.

Бөлісу8Твит5
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3793 бөлісу
    Бөлісу 1517 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.