Айшаны біреулер ұрлап кетті: Бүркіт ел арасында тарап кеткен сөздерге жауап берді
Бүркіт: Көп жағдайда Айша екеуіміз доспыз, бөлек демалғанды ұнатамыз.
Танымал әнші Бүркіт үйленгеннен кейін бірден келіншегінің есімін қазақшалап, сахнаға биші ретінде шығарып жүрді. Кейіннен Айша екеуі бірге ән сала бастады. Ел арасында жақсы сұранысқа ие болған жұлдызды жұп, тойларға жиі шақырылатын болды. Халық арасында сондай тойлардың бірінде Айшаны дөкей бір азамат адамдарына айтып, алып қашып кетіпті деген сөз тараған еді. Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында сұхбат берген Бүркін бұл оқиғалардың барлығын жоққа шығарды. Тіпті халық арасында әншілер жайлы өтірік әңгіме шығаратын арнайы топ бар деп айтты. “Өзім жайлы қауесеттерді көп оқымаймын. Instagram енді дамып жатқан кезде бір жерден: – Аиша испаниялық, ұлты аралас, – дегенді оқығанмын. Не деген сандырақ деп ойладым. Содан кейін ондай нәрселерге мән бермеймін. Аишаны біреулер ұрлап әкетіпті деген тіпті, сандырақ. Сол қауесетті шығарған адамды тауып алып, бетіне айту керек шығар”, – дейді Бүркіт. Бүгінде айша мен Бүркіт екі ұл және жақында ғана дүниеге келген бір қыздарын бірге тату-тәтті тәрбиелеп отырғандарын айтты.