Басты жаңалықтар

Автобус шопыры мен жолаушы әйел төбелесіп 13 жолаушы ажал құшты

Тағы екі жолаушының денесі табылмай жатыр.

Тас жолда жүріп баражатқан автобус жүргізушісі мен жолаушы әйел ұрысып қалып, соңы қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға Қытайдың  Чунцин қаласында болды. Әйелмен төбелесе кеткен шопыр тізгінді жіберіп алып, жолаушыға толы қоғамдық көлік Янцзы өзеніне құлап кеткен. Құтқарушылар автобусты 70 метр тереңдіктен шығарып алған. Ұрыс әйелдің түсуі тиіс аялдамадан өтіп кетуінен шыққан. Ол бірден шопырға көлікті тоқтатуды бұйырады. Жүргізуші көпірдің үстінде тоқтай алмайтынын айтқан. Қызуқандылыққа салынған әйел бірден жүргізушіні сабай кеткен. Осы оқиғаның кесірінен 13 адам суға батып қайтыс болған. Тағы екі жолаушы жоғалып кеткен. Қытай билігі тереңге батып кеткен автобусты полиция, құтқарушылар, сүңгуірлердің көмегімен бірнеше кемені жұмылдыра отырып жағаға шығарып алған.