Басты жаңалықтар

Баян Алагөзова мұрны мен көзіне пластикалық ота жасатқанын айтты

Продюсер осы күнге дейін бетін қалпына келтіру үшін бірнеше рет ота жасатқан.

Танымал продюсер Баян Алагөзова алғашқы күйеуінің ауыр соққысынан кейін ұзақ уақыт емделді. Ол әлемнің ең мықты дәрігерлері мен хирургтарының көмегіне жүгінген. Сол көзі мен мұрны сынған продюсер осы күнге дейін емнен бөлек бірнеше отаны басынан кешірген. Соңғы рет қызы Айсәулемен бірге  Оңтүстік Кореяға барып пластикалық ота жасатқан Баян өз жазылушыларына мұрнының бұрыңғы қалпына келгенін айтып, қуанышымен бөлісті.