Басты жаңалықтар

Сәбиін түсіру үшін дәрі ішіп, оны құрсағында шіріткен: Астанада жүкті әйелдің қазасының себебі анықталды

Баласымен қоса өзі де қайтыс болған келіншек баланы түсіру үшін түрлі дәрілермен қоса ауырсынуды басатын таблеткаларды да көптеп қабылдаған.

Өткен аптадағы Астанада болған қайғылы жағдай туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова елордада өткен брифинг барысында айтты. Онда екі бірдей жүкті келіншектің неден қайтыс болғанының себептері айтылды, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Өткен айдың соңғы күнінде отыз жастағы жүкті келіншек ауруханаға жетпестен өз үйінде қайтыс болды. Екінші қайғылы жағдай 4 қарашада орын алыпты. 38 жастағы жүкті әйел қаладағы №2 перинаталдық орталыққа шала-жансар күйде жеткізілген. Бұл әйел некесіз жүкті болған екен. Ол бұл туралы туыстарынан жасырып жүрген. Ешқандай да медициналық тіркеуге тұрмаған. Жалдап тұратын пәтерін жиі ауыстырып жүрген. Ал елордадағы штаттан тыс акушер-гинеколог Иван Коркан марқұмның сәбиі құрсағында шіри бастағанын айтты. «Ол үш күн бойы үйінде ауыр жағдайда жатқан. Жүктілігін тоқтату үшін көп табелтка, ауырсынуды басатын дәрілер қабылдаған. Құрсағындағы сәбиі әйел үйінде болған кезде шетінеп кетіп, ағзасында шіри бастаған. ол перзентханаға ауыр халде жеткізілді», – дейді Иван Коркан. Әйелдің өлімінің себебі гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.