Басты жаңалықтар

Андрей атты жанкүйерлер Аршавиннің «Қайраттағы» соңғы ойынына тегін кіреді

Андрей Аршавин «Қайратпен» қош айтысатын ойын 11 қараша күні Алматының Орталық стадионында өтеді.   

Андрей есімді жанкүйерлер «Қайраттың» биылғы Қазақстан чемпионатындағы соңғы матчына тегін кіреді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұл - Андрей Аршавиннің алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны. «Егер сіздің атыңыз Андрей болса - чемпионаттың соңғы «Қайрат» - «Шахтер» ойынына тегін кіре аласыз. Ол үшін жай ғана Орталық стадионның кассасына келіп жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетіп жатыр. Бір билетті қолыңызға ұстатады», - делінген клубтың мәлімдемесінде.