Андрей есімді жанкүйерлер «Қайраттың» биылғы Қазақстан чемпионатындағы соңғы матчына тегін кіреді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұл — Андрей Аршавиннің алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны. «Егер сіздің атыңыз Андрей болса — чемпионаттың соңғы «Қайрат» — «Шахтер» ойынына тегін кіре аласыз.
Ол үшін жай ғана Орталық стадионның кассасына келіп жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетіп жатыр. Бір билетті қолыңызға ұстатады», — делінген клубтың мәлімдемесінде.