Оқиға 30 қазан күні Ақмешіт көшесіндегі тұрғын үйде орын алған. Қоғамдық орында дәрет сындырып, ерсі қылық танытқан адам 1974 жылғы келіншек болып шықты.
Полиция қызметкерлері 44 жастағы әйелге қатысты "шағын бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Құжаттар Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.
Нәтижесінде, тұрғын үй подъезінде дәрет сындырған әйелді үш тәулікке қамау туралы үкім шықты.