Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда той үшін әнші шақырып, қымбат мейрамхана жалдауға тыйым салынбақшы

Дүркіретіп дүниесін шашатын байлар мен тойдан оңай олжа іздейтін әншілер төлейтін салық түрін өсіру де ұсынылды.

07.11.2018
0
Қазақстанда  той үшін әнші шақырып, қымбат мейрамхана жалдауға тыйым салынбақшы

Елімізде аста-төк тойларға тыйым салынбақшы. Қымбат мейрамхана, эстрада жұлдыздары, арнайы шоу-программа.

Бұның барлығы енді қара тізімге кіреді. Осылайша халық қалаулары қазақстандықтардың тойындағы ысырапшылдығын тоқтатып, прагматизмге үйретпек ниетте.

Қарызға белшесінен батып, жиған-тергенін қуанышына жарататын қазақ бұл бастаманы қалай қабылдайды? Шенеуніктердің ойы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көрпесіне қарай емес, жұрттың сөзіне қарай көсіліп жүрген қазақтың аста-төк тойлары билік басында отырғандардың да назарына ілігіп, ойға қалдыруда. Мәселен, Сенат төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев бұл мәселеде өзбек пен түріктерден үлгі алуға шақырған еді. Оған қатысты біраз пікірталас туындағанымен, ырду-дырдудан әлі де арыла қойғанымыз шамады.

Бірақ, халық қалаулылары мұндай тойларға шектеуді біртіндеп бастаған жөн дейді. Себебі…

«Әрине біз ысырапшылдыққа бір жағынан шектеу қоюуымыз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге. Мемлекеттік қызметкерлер қарапайым халыққа жақын болуы керек. Аяқ асты заңменен тыйым салсақ реакция басқаша болады. Мәдениет бір күннің ішінде өзгермейді» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Десе де, жастар арасында ысыраптан арылып, шығыннан бас тартқан жұптар да жоқ емес. Мәселен, өскемендік Нұрсұлтан жұбайымен дүркіретіп тойды өткізбей, жетімдер үйіне қайырымдылық жасауды жөн көріпті.

Жігіттің сөзінше, мұндай қадамға бұрыннан іштей дайын болған. Жары Алтынайда бірауыздан отағасының ықыласын қолдапты.

«Алтынай екеуміз басынан ойластырғанбыз, беталды далаға шашырамай, мейрам ұйымдастырып, балаларға сол өткізгіміз келіп, солай өткіздік. Балаллар үйі деп шешкеніміз, балалар кішкентайынын мерекеден айырылған, сол балаларға өткізгіміз келді. Ешкім қарсы болған жоқ, бәрі ия деп қолдап!» – дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев.

Атқамінерлердің бұл сөзі той жүргізушілері мен шоумэндерге жақпағаны белгілі. Мәселен, бірнеше жылдан бері тойдың түр-түрін жүргізіп келген Алдия Алпысбаев бұрынғы қазақи дәстүрмен той өткізетін болсақ, қазіргі ысырап екі еселенуші еді деген пікірде.
«Қазіргі таңда қазақтың дәстүрімен именно осы Астана қаласында мен ойлаймын ол керісінше екі есе қымбатқа түседі. +0251- Қарапайым қызды кіргізуді алар болсақ. Қарапайым қызды кіргізу 50 мың болса, қазақтың салтымен дәстүрімен домбыра ұстап, серілермен қасында құрбы-достары шулап шығып, әлгі Қыз Жібектің жанындағы құрбылары құсап, ол 100-120 мыңның айналасында болады» – дейді асаба Алдияр Алпысбаев.

Әлбетте, той жасауға тыйым салынса, әншілердің де біраз ақшадан қағылатыны белгілі. Шенділердің мұндай уәжіне продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов бүй дейді.

«Елімізде заң шығаратын шешетін, таусылып, той қана қалған ба? Онда Сіз бақытты адамсыз, сол күнге жете берейік. Бүкіл проблемамыз шешіледі ма одан? Бізге түйінді мәселелрді шешу керек. Той – ол бұрыннан келе жатқан нәрсе» – дейді продюсер Қыдырәлі Болманов.

Экономистер де аста-төк тойға тыйым салу керек деген пікірді қолдайды. Тіпті ол, қазақтың негізгі өзекті мәселесіне айналған. Алайда, тойдағы ысырапшылдықты деваливация да, дағдарыста тоқтатқан жоқ. Сондықтан да ол уақыт еншісінде.

«Шариғат бойынша әуелі өзіңді жарылқа дейді. Өзіңді жарылқасаң, отбасыңды жарылқа. Оны жарылқадың ба, көмектестің ба ауылдастарыңды жарылқа. Оның барлығын жарылқадың ба қауымды жарылқа. Енді сол қаржы болатын болса, неге сол қауымды жарылқамайды?» – дейді экономист Орақ Алиев.

Сонымен, қарапайым халық той жасау үшін кемінде 15-20 мың доллар жұмсайды. Оның ішіне – кит, мейрамхана, қыз жасауы өзге де қымбат сыйлықтар кіреді. Шамамен тағы 5 мың доллар қосылар. Ал Дәл осы бағаға яғни шамамен 7 500 000 -ға Астана мен Алматының шеткі ауданынан 1 бөлмелі пәтер, Шымкенттен 3 бөлмелі үй алуға болады дейді экономистер.

Бөлісу16Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1380 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.