Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов басына қиындық түскенде табалаған әріптестері туралы айтты

Актер: Өмірімде біреуге тіземді батырмағам, қателігі мен талантсыздығын бетіне айтқандарым көп болды.

08.11.2018
0
Тұңғышбай Жаманқұлов басына қиындық түскенде табалаған әріптестері туралы айтты

Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов қызметін асыра пайдаланды деп өзіне тағылған айып пен жеп қойды деген 200 мың АҚШ долларын жала деп атады. Актердің сөзінше бұл жерде ешқандай да мансаптық, қаржылай немесе таққа талас емес, бар мәселе министр мен жеке басының сыйыспауында екен.

Бұл туралы актер 31 арнадағы «Информбюро» жаңалықтар қызметіне келіп, баяндап берді.

Жаманқұловтың атына арыз түсіп, іс қозғалған кезде әріптестері мен өнердегі замандастарының арасынан тек мақпал Жүнісова мен Олжас Сүлейменов журналистерге сұхбат беріп, болып жатқан жағдайға араласа кеткен.  Әнші Жүнісова бұл жайлы өз пікірін былай білдірген еді.

«Адам өлтіргендерді де кепілмен үй қамаққа босатып жатыр. Әуелі сенбейміз Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жеді дегенге. Қалаберді ел танитын адамды бірден қамап тастағанға келіспеймін»,-деген еді.

«Мені қорғап, сөзімді сөйлеген Олжас Сүлейменов болды. Ол кісі президентке дейін хат жазды. Мен елбасынан «кір болып қалдым. Ақтап алыңыз» деген емеспін. Мен мәселенің бір жақты қаралмауын сұрадым.

Халықаралық деңгейдегі Сүлейменовтің хатына Үкіметтегілер назар аудармағанда басқасынан не қайыр. Шындап келсе бұл жерде ешқандай мансап, ақша мәселе емес. барлығы мен ерегіскен министрмен болып тұр.

Қазір тексерсе де мен ештеңе жеген жоқпын. Мен сенемін ақ екенім соңында дәлелденеді. Ал әріптестерімнің қолдаудан қашқаны жайлы айтар болсам, мен соңғы қызметімде 9 жыл отырдым.

Ешкімге жағынуды ойлаған емеспін. Шынымен істей алмайтын актерлерге талантсыздығын бетіне айттым. Ол шындық болған жағдайда. Сондықтан жылдар бойы маған қарсы  ішінде ашу жинаған актерлер жоқ болды деп айта алмаймын. Қазір менің денсаулығым да жақсы. Жауларыма айтарым, ауырып қалады деп армандамасын»,-деп түйіндеді сөзін Тұңғышбай Жаманқұлов.

 

Бөлісу20Твит13
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6025 бөлісу
    Бөлісу 2410 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1385 бөлісу
    Бөлісу 554 Твит 346
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.