Басты жаңалықтар

Депутат Бақытбек Смағұл "Алпамыс батыр" жырын жатқа оқып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мәжіліс депутаты: Эстафетаны Сағадиев пен Ермекбаевқа тапсырамын.

Қазақстан Республикасы парламентінің мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқып, көпшілікті риза қылды. Ол жырды нақышына келтіре отырып оқып,  өзінің осы әрекетін жалғастыратын шенеуніктердің есімін атап берді, деп жазды KYN.KZ  сайты. "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы  "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасын әріптесім Геннадий Шиповскихтен алып, ҚР Қорғаныс министрі  Нұрлан Ермекбаевқа,  Білім және ғылым министрі  Ерлан Сағадиевке жолдаймын",- деп жазды депутат. Бұған дейін Ақпарат және коммуникация министрі  Дәурен Абаев осы жырдан үзінді оқып, көпшілікті аузына қаратқан еді.