Басты жаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің сау бүйрегін қатерлі ісік екен деп алып тастаған

Әйел білікті дәрігерді сотқа беріп, оны біржола жұмысынан айырды.

АҚШ- та Морин Пачеко 51 жастағы әйел ойламаған жерден бүйрегінен айырылды. Жол көлік оқиғасына тап болған келіншекке ота жасаған дәрігер оның бүйрегін қатерлі ісікпен шатастырып, бірден алып тастаған. Отадан кейін бірнеше ай өтсе де денсаулығы жақсармаған келіншек қайтадан дәрігерлерге денсаулығын толық тексерткен. Соңында әйелдің бүйрегі орнында жоқ екені дәлелденеді. Осы күнге дейін өз жұмысын абыроймен атқарып келген білікті хирург осы істен кейін бірден жұмысынан қуылған. Әрі әйелге 250 мың АҚШ долларын өтемақы есебінде төлейтін болды.