Басты жаңалықтар

Мейрамбек: Мен ақшасыз да өмір сүреберемін. Ешқашан гонорарымды санаған емеспін

Әнші келіншегімен қарым-қатынасы туралы айтып жұртты қайран қалдырды

Мейрамбек Бесбаев  Ләйлә Сұлтан қызының "The эфир" бағдарламасында отбасы мен әйелі, балалары туралы қызықты деректермен бөлісті. "Мен әйеліне сүйіп қосылған бақытты жігіттердің қатарындамын. Бар ақшамды оған бересалам. Қайда жаратты, не істеді сұрамаймын да. "Төркініне тасымайды ма?" дегенді сізден есітіп күлкім келіп тұр. Ондайды ойламаппын да. Оның отбасы өзі де бақуатты. Одан қалды тасыса не бопты, менің де туыстарым ғой. Мархабат тұрмақ продюсерімнен ешқашан гонорарымды санап алмаппын. Ол маған береді сол күйі үйге алып барып тастаймын. Негізі қазір отырамын да қай қала болса сонда қарай тегін ұшаберемін. Ол жақта келетінімді айтсам кез-келген қазақ күтіп алып, етін беруге дайын. Менде дос көп. Сондықтан ақшасыз да бақытты өмір сүреберетін жанмын",- дейді әнші. Мейрембектің қызы Кәусар бүгінде классикалық музыкамен айналысып жүр екен. Ал төрт жастағы ұлы болса балабақшаға барады. "Қызымадада ұлымдада әншінің баласымын деген түсінік, мақтан жоқ. Қызым онсыз да ақылды, сабағын жақсы оқиды. Пианиноға барғалы музыкалық талғамы өсіп, классикалық бағытқа қарай бет алып келеді. Өткенде тексеріп көрейінші деп бір хит болып жатқан той әнін "қызым, осы әнді орындасам қайтеді" деп едім "Папа, ужас" деп айтты. Ал ұлым енді білмейм. Әлі кішкентай. Қанмен берілсе керек. Мен бала күнімнен шайқор едім. Ұлым тура солай сүт шай ішкенді жақсы көреді. Балабақшада сүт шай сұрайды екен. Ұятын ай дедік. Оның сөздері де қызық. бірде "Сиыр менің досым" дейді. Өзім таң қалдым. Неге сиыр? Қалай дос? сұрасам, "Ол маған сүт береді" дейді. бір күні Қайрат Нұртасты өмірде көрмеген "Досым Қайрат Нұртас" дейді. Оған да бір күліп алдық. Күнде бір қылық шығарады",-дейді әнші.