Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ләззат Қалдыбекова ұстазымен көңіл жарастырып, "көтеріліп кетті" дегендерге ашығын айтты

Ләззат Қалдыбекова ұстазымен көңіл жарастырып, "көтеріліп кетті" дегендерге ашығын айтты
ашық дереккөз
Актриса: Жалғыз басты анамын, ондай рөлдерді ойнағым да келмейді.
Танымал актриса әрі бүгінде әншілікке бет бұрып жүрген Ләззат Қалдыбекова жақында ғана үйленіп кеткен бірінші күйеуі әрі жалғыз ұлының әкесі Заиыр Бегалымен перзенті үшін бірнеше рет қосылып, ақыры бақытты бола алмағаны туралы айтты. Әрі "Қазақ аруы" атанған актриса өзін ұстазының көңілдесі болды дегендерге жауап берді. Бұл туралы Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ  сайты жазды. "Мен жақында ғана жалғыз басты ананың рөлін сомдаудан бас тарттым. Жұрт бірден өзінің өмірдегі рөлін сомдапты деп өсектеуі мүмкін. Ол рөл мен үшін өте ауыр. Қазірдің өзінде  ұстазым  Есмұхан Обаевтің көңілдесі болды деген сөздерден құтыла алмай келемін. Аздап көтерілсең бізде біреудің көңілдесі деген үкім шығарылады. Сондықтан мен жаңа өмір бастауға дайынмын. Тек бұрын үйленбеген, әйелі жоқ адам болуы керек. Маған сондай ұсыныс түскеннің өзінде мен бірінші болып ол адамның әйелі қандай сезімде болады екен деп ойлап тұрамын",-дейді актриса.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар