Басты жаңалықтар

Ақтөбелік мұғалім қала тұрғынын өлім аузынан арашалап қалды

Химия пәнінің мұғалімі эпилепсия ауруы ұстап талып қалған азаматқа алғашқы көмекті дер кезінде әрі дұрыс көрсете білген.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дастан Назаров қоғамдық көлікте жолаушыны ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты Aktobenews.kz -ке сілтеме жасай отырып. Автобуста жолаушылардың бірі эпилепсия ауруы ұстап талып қалады. Сол сәтте Дастан алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдемді де шақырып, науқастың жақындарын да хабардар еткен. Дәрігерлер болса науқас ер адамға алғашқы көмек дер кезінде әрі дұрыс көрсетілгенін жеткізді.

Оқу орнында жоспарлы түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қатысты семинарлар, шеберлік сағаттары тұрақты өтіп тұратынын айтқан Дастан Назаров Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінен сабақ береді.