Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне деген сағынышын жазып көпшілікті жылатты
Әнші: Өзің кеткен 13 жыл мұңайтты, қатайтты, қайтемін бәріне көндім
мақпал Жүнісова желідегі парақшасына марқұм күйеуі, Мерейінің әкесі Заманбек Нұрқаділовпен құшақтасып түскен суретін жүктеді. Көпшілік әншінің бұл әрекетін оғаш қылық деп санайтындарын да айтып жатты. Ал Жүнісованың тыңдармандарының біраз бөлігі сағынышқа толы адал жардың махаббатына зор құрметпен әрі сыйластықпен қарайтындарын айтып жатты. "Мақпал ханым Заманбек ағамызға адал әйел екенін көріп отырмыз. Күйеуі өмірден өткелі өзге адаммен қосатын өсек те естіген емеспіз. Мерейіңіздің қызығын көріңіз", " Мақпал апай, осындай нар тұлғалы азаматты өзіңізге ғашық еткен сізде де арман жоқ шығар", "Мақпал ханым бақытты болуға лайықты", "Мақпал апай мен Заманбек ағамыздың арасындағы махаббаты осы бір суреттен анық түсінуге болады. Өте жарасып тұрсыздар" деген сынды пікірлер көптеп жазылды. Әнші желідегі парақшасына марқұм Заманбек Нұрқаділовпен бірге орындаған "Асыл жарым" әніне түсірілген клиптің үзіндісімен бөлісті.
Бірақ Жүнісова видеоның төменгі жағында пікір қалдыру тетігін алып тастаған. "Өзіңсіз өткен 13 жыл, Мұңайтты да ,қатайтты, Қайтеміз көндік бәріне,Еске алып тағы отырмыз. Топырағың торқа болсын Зәкем",-деп жазды әнші.