Басты жаңалықтар
Ақбота: Кезінде бір рет қана күйеуге тиіп, балаларымның әкесі бір адам болады деп өзіме сөз бергенмін
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2018
- 304
Әнші: Күйеуден бағым жанбады, қайтейін? Осы үшін өлейін бе енді?
Танымал әнші Ақбота Керімбекова халықтың жеке басы мен отбасына, балалары мен экс-күйеулеріне тиісе беретінінен мезі болғанын жасырмады.
Әнші әр тұрмысқа шыққан кезінде бақыты баянды болғанын қалаған әрі ажырасу туралы мүлде ойламаған. Тіпті ата- анасы ажырасқан кезде өзіне "Бір рет ғана тұрмысқа шығамын. Балаларымның әкесі бір адам болады" деп сөз берген екен.
"Ер адамнан, күйеуден бағым ашылмады. Енді қайтейін? Сол үшін өліп кетейін бе? Кімге жеңіл болады? Біз барлық қиындыққа төзімді, мықты болуымыз керек. Әр адам өз ойын айтады. Ұрыс, келіспеушілік ешқашан бір жақтан тумайды.
Мен де өзімді нәзік әлсіз сезініп, ер адамның сүйеніш болғанын қалаймын. Бес немесе он күйеуге тиіп қызық іздеп жүрген мен емес.
Тіпті тәрбиемде, санамда ондай ой болған емес. тағдыр болғаннан кейін көтересің, балалар үшін жауапкершілікті мойынға алып, әрі қарай жылжып, өмір сүруді жалғастыру керек"- дейді әнші Алматы арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасына берген сұхбатында.