Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тыл ардагері: Соғыста көрмеген қорлықты немерелерімнен көріп жатырмын

Шымкентте 95 жастағы әжейді ішімдікке салынған балалары итке талатып, зейнетақысын бермегені үшін ұрып қабырғасын сындырған.

13.11.2018
0
Тыл ардагері: Соғыста көрмеген қорлықты немерелерімнен көріп жатырмын

Сұрапыл соғыc кезінде көрмеген қорлықты туған немерелерінен көріп отырмын дейді. Шымкентте жасы 95-ке келген Надежда Ушакованың айтуынша, оның үйіне кіріп алған туыстары зейнетақысын тартып алып, тіпті соққыға жығатын көрінеді, деп жазды КТК арнасы.

Ол аздай, үй шаруасын жасап жүріп, қабырғасын сындырған зейнеткер енді мүлдем төсекке таңылған.

Жасы 95-тен асқан Надежда Ушакованың ауруханада жатуына –науқастығы емес, өзімен бірге тұратын немерелері мен олардың таныстарының күн көрсетпеуі себеп.

Топырлап үйінде тұрса да ешқандай көмегі жоқ, қайта ардагердің 118 мың теңге зейнетақысын араққа жұмсайтын көрінеді.

Тіпті, ұрып-соғып, итке талатқан кездері де болды дейді кейуана. Қос қабырғасы сынып ауырсынып жатқан қария дәлел ретінде аяқтары мен қолдарындағы тыртықтарды көрсетті.

«Мас күйде есінен айырылып ұрып тастайтын кездері көп. Шашымды жұлып, тепкілейді. Күн көруім қиындап кеткен соң полицияға да бірнеше мәрте шағымдандым. Үйімнен шығарып, мені жайыма қалдырсын деп өтіндім. Құқығымыз жоқ, сотқа барыңыз дейді. Ал, соттағылар өзара келісімге келіңіздер деп шығарып салды»,-дейді тыл ардагері Надежда Ушакова.

Тілшілер мен полиция келгенде Надежда Ушакованың немерелері үйінен кеткелі жатыр екен. Алайда журналистерді жуытқысы жоқ.

Саяжайдағы бұл үйді Надежда Ушакова бірнеше жыл бұрын қаладағы пәтерін сатып, алған екен. Үйден гөрі кепеге ұқсайтын бұл баспанада ардагер тұратынын бұрыштағы мына тақтайшадан  ғана білуге болады. Жүз жасқа жетіп қалған кемпірдің итшілеп өмір сүріп жатқанын көршілері де айтады.

Көршілері де ардагердің немерелері мен балалары ішімдікке салынған, үй адам тұрғысыз деп айтты.

Ардагер баспанасы бар болған соң пәтер алуға да кезекке тұра алмайды. Сынған қабырғалары қалыпқа келіп, аяққа тұрған соң зейнеткер қалай болса да сот арқылы туыстарын үйден қумақшы. Алайда жасы келген әжейдің үй шаруасына да көмекшілер қажет болады. Сондықтан әкімдіктегілер де әлеуметтік қызметкерлерін жіберсе деп отыр.

Бөлісу7Твит4
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6019 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2365 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 591
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1404 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1370 бөлісу
    Бөлісу 548 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.