Басты жаңалықтар

Шымкенттіктер мас күйінде теңселіп жүрген молданы видеоға түсіріп алды (видео)

Тұрғын: Біздің ақ тырна тойып алып, билеп жүр.

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу жерінде түсірілген видео көпшіліктің жағасын ұстатты. Онда ер адам молдаларша ақ киініп, басына сәлде ораған. Оны сыртынан түсіріп алған азамат аудан молдасының ащы суға тойып алып, теңселіп, билеп жүргенін айтады. "Міне біздің ақ тырна. Осылай тойып алыпты. Сәскә, атаң билеп жүр ғой. Молданың сиқы осы" деп дауыстап тұрып жағдайды видеоға түсіріп жатып баяндаған. Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы болса бұл кісінің ешқандай да молда емес екенін. Тіпті оның киім үлгісі де Басқарма бекіткен нормаға сай келмейтінін мәлімдеді.