Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдыз: Әйелі туралы білгеннен кейін Айқын аяғыма жығылып жылап, мені алып қалды

Жұлдыз: Әйелі туралы білгеннен кейін Айқын аяғыма жығылып жылап, мені алып қалды
ашық дереккөз
Аты шулы әнші күйеуінің өзіне тамақ пісіріп көңілін аулайтыны туралы айтты.
Әнші Жұлдыз Өмірғали "Қалаулым" бағдарламасында Айқынның отбасын бұзып, әйелінің көзжасына қаламын деп еш ойламағаны жайлы айтты. Тіпті ол алғашында  Айқынның отбасы барын да білмеген. "Бес айдай жүрген кезде оны бойдақ деп ойладым. Кейін бірден әйелі түскен клип жарыққа шықты. Содан кейін бір айдай хабарсыз кеттім. Айқын келіп жылап тұрып, мені сүйетінін айтты. "Сенімен бірге боламын" деп сендірді",-дейді әнші. Екі ғашықтың махаббатына туған-туыстары, ең жақын адамдарының барлығы қарсы болған. Тіпті Жұлдыз сүйіктісі үшін  өзін өсірген ата- апасымен де бірнеше уақыт хабарсыз кеткен. Өмірғали ұстазы Баянды осындай тәрбие беріп, өзі мысал болып елге әдепсіздікті насихаттауда дегендерге жауап берді. "Баян Мақсатқызы өте ақкөңіл, жақсы адам. Ол ешқашан бізге "елдің күйеуін тартып алып, отбасын ойрандаңдар" деген емес. Мен кейде Баян ханымның атына кір келтірдім деп өзім ұяламын. Мені халық түсінсе екен бұл махаббат. Айқын үшін өмірімді қиюға бармын",-деп көпшіліктің көзінше Жұлдыз жылап жіберді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар