Қытай түрмесіне өмір бойына жабылған Ақжарқын ата-анасына хат жазды
Ақжарқын Тұрлыбай: Мені соңына дейін қолдап, жігерлендіріп отырыңыздаршы
Қытай түрмесіне өмір бойына жабылған Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов қорғауындағы азаматтың туыстарына жазған хатын көрсетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды. Хатында Ақжарқын туыстарынан өзі үшін алаңдамауды сұрайды. Анасынан өз денсаулығын күтіп, уайымға берілмеуін өтінген. "Менде бәрі жақсы. Мұнда үйреніп қалдым. Күнделікті спортпен айналысамын. Айналамдағылар мүлде басқа адамдар. Олардың ойлауы, білім деңгейі де өзгеше. Сіздер жіберген суреттерді алдым. Барлығы өзгерген. Інім жігіт болып, сіңлім бойжетіп әдемілене түсіпті. Мен үшін қатты алаңдамаңыздар. Сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз маңызды. Бірақ үміт үзбей соңына дейін шыдасаңыздар. Соның өзі мен үшін үлкен жігерлендіру. Бала күнгі туған күнімді тойлаған мерекелік дастарқан мен ата-әжемнің мейірімге толы көздері мен қуанышты сәттерді жиі еске аламын",- деп жазған Ақжарқын. Есте болса Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы есірткі тасмалы үшін ұсталған еді. 2015 жылы қытай түрмесіне өмір бойына жабылды. 2016 жылы сот үкіміне наразылық білдіріп істі қайта қарау бойынша өтініш берген. Сол кезде сот алғашқы үкімнің күшін жойып, істі қайта қарай бастады. Сол кезде қайта қаралып бастаған іс бойынша әлі үкім шыққан жоқ.