Басты жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың фильмі АҚШ-та үш жүлдені бірден жеңді

"Лифт" фильмі режиссура, операторлық жұмыс және "үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Бүгінде танымал режиссер, КВН-ші, актер атанып үлгенген  "Келинка Сабина", "Я жених" және тағы басқа фильмдердің авторы бұл қуанышты жаңалығы туралы Facebook- те жазды.

"Сүйінші, халқым! "Лифт" фильмі Лос Анджелестегі жылма-жыл өтетін "Genre celebration 2018" халықаралық жанрлық кино фестивалінде үш жүлдені бірден жеңіп алды!

"Үздік драмалық фильм", "Үздік режиссура" және "Үздік операторлық жұмыс". Сонымен бірге "Үздік монтаж" үшін де сыйлыққа ие болуымыз мүмкін. Бұл жағы әлі нақты емес. Нақтысы жоғарыдағы үш наминация", — дейді Адамбай.